Программа раннего развития детей по ДО

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЦЕНТР «ДОШКОЛЬНОЕ ДЕТСТВО»

 

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ЖАСТАН ДАМЫТУ ҮШІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚҰРУ БОЙЫНША

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

Нур-Султан 2019

 

 

Қазақстан Республткасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген

 

 

 

Балаларды ерте жастан дамыту үшін психологиялық-педагогикалық жағдай құру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің және ата-аналардың ынтымақтастығы бағдарламасы — Нұр — Сұлтан, 2019ж.- 15 бет

 

 

 

 

Пікір жазғандар:

А. Жұбандықова, п.ғ.к.

А. Нұрқабылова, меңгеруші А. Темірбекова, әдіскер

 

 

 

 

 

Балаларды ерте жастан дамыту үшін психологиялық-педагогикалық жағдай құру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің және ата- аналардың ынтымақтастығы бағдарламасы мектепке дейінгі ұйым жағдайына ерте жастағы балаларды табысты бейімдеу мақсатында әзірленді.

Аталған Бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жас топтарындағы педагог қауымға, ата-аналарға, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ЖОО мен колледждердің студенттеріне арналған.

Бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып, ұсынылған (2019 ж. 5 маусымдағы № 4 хаттама).

 

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, 2019ж.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Балаларды ерте жастан дамыту үшін психологиялық-педагогикалық жағдай құру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің және ата- аналардың ынтымақтастығы бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен дамытуда бірыңғай тәсілдерді белгілеу мақсатында әзірленді.
  2. Бағдарламаны құрастыру үшін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі-Стандарт) негіз болып табылады.
  3. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың ынтымақтастық жүйесі білім беру ортасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын тәрбие-білім беру процесіне қатысушылардың (педагог, балалар, ата-аналар) өзара әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
  4. Мақсаты: мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерте жастағы балалардың толыққанды дамуына бағытталған психологиялық-педагогикалық білім жүйесін игерту арқылы педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
  5. Міндеттері:
    • әр баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату;
    • мектепке дейінгі ұйым жағдайына баланың табысты бейімделуі және дамуы үшін қолайлы психологиялық ахуал орнату;
  • әр баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру әрекетін құру;
    • баланың психикалық дамуына және тұлғалық өсуіне ықпал ету, әлеуметтік дағдылары мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту;
    • ерте жастағы балаларды күту, тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата- аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
    • коммуникативтік біліктер мен сенсорлық дағдыларды қалыптастыру үшін заттық-кеңістіктік білім беру ортасын құру;
    • балаларды физикалық және психикалық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау;
    • неғұрлым тиімді жұмыс түрлерін іздену және енгізу арқылы ата-аналарды балабақша өміріне қатысуға тарту.
  1. Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
    • мектепке дейінгі ұйым жағдайына ерте жастағы балалардың бейімделу мерзімінің қысқаруы;
    • мектепке дейінгі ұйымға бейімделу кезеңінде балалардың стрестік жағдайларды табысты еңсеруі;

 

 

  • ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларының          және ойын біліктерінің дамуы;
  • баланың белсенді және пассивті сөздік қорының толықтыруы;
  • ерте жастағы    балаларды   тәрбиелеу    мен    дамыту    мәселелерінде педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейінің жетілуі;
  • ата-аналарды топтың    қоғамдық   өміріне    тарту   арқылы   олардың балабақшаға деген оң көзқарасы артты.
  1. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға ұсынылады.
  2. Психологиялық қолдау жүйесі баланың бейімделуі, ата-аналарға кеңес беру және педагогтарға кеңес беруден тұрады.
  3. Бағдарламаның негізгі бағыттары:
    • ата-аналарды мектепке   дейінгі   ұйымның   нормативтік   базасымен таныстыру (мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы, шарт үлгісі);
    • мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің мазмұны (Стандарт, Үлгілік оқу бағдарламасы, Үлгілік оқу жоспарлары);
    • білім беру процесіне белсенді қатысушы ретінде ата-аналарды тарту;
    • дамытушы сипаттағы бірлескен іс-әрекет түрлерін ата-аналарға практикалық кеңес беру (саусақ жаттығулары, массаж, жалпақ табандылықтың алдын алу, заттармен ойындар және т.б.);
    • көрнекі-ақпараттық қаматамсыз етілу;
    • сауалнамалар, ата-аналардың    пікірлері     арқылы    жұмыстың     оң динамикасын анықтау.
  4. Психологиялық-педагогикалық қолдау педагогтардың әлеуметтік- психологиялық қолайлы жағдай жасауға бағытталған және баланың сұраныстарына жауап беретін мақсатты іс-әрекеттер кешенін қамтамасыз етеді (ата-аналарға сауалнама жүргізу, топта балаларды бақылау, тәрбиешінің Бақылау парағын және түзету іс-шаралармен баланың жеке даму картасын толтыруы).
  5. Бағдарлама мазмұны: диагностикалық, консультациялық, ағартушылық және алдын алу жұмыстарын қамтиды.
  6. Педагогикалық ұжым Стандарт талаптарына сәйкес жоғары кәсіби деңгейде балаларға білім беруді қамтамасыз етеді.
  7. 1 жастың соңында баланың сөздік қорында 8-10 сөз, екі жаста 300-400 сөз, үш жаста 1000 және одан көп сөз жинақталады. Әр баланың өзіндік даму қарқыны болғандықтан, жеке айырмашылықтар болуы мүмкін. 1 жас 6 айда баланың сөздерді    түсінуі    тұрақты    және    жалпы    болып     келеді.     Осы жастағы бала мынадай ерекшеліктерге ие:
    • өз атын, жақын адамдардың аттарын, кейбір киімдердің, жиһаздың, ыдыс-аяқтың, көліктің, жануарлардың аттарын білу және түсіну;

 

 

  • өз денесінің жеке бөліктерін (бет, бас, құлақ, көз, ауыз, қол, аяқ), жануарлардың (ойыншықтардың) дене бөліктерін көрсету;
  • қарапайым әрекеттерді   («ұйқыға   жат»,   «отыр»,   «тамақ   ішеміз»,

«қыдыруға барамыз» және т.б.) білдіретін сөздерді түсіну, ойыншықтармен және заттармен әрекеттерді («аш», «жап», «шеш», «ки», «жина» және т.б.) түсіну.

  1. 2 жастан бастап балалар ересектердің дұрыс қолдауымен өз өмірінен алынған, түсінуге қол жетімді сюжеттерді ойнай бастайды.
  2. Бала өмірінің екінші жылының соңында:
    • тамақтану алдында қолын жууға барады, қолын өзі жуады, дегенмен әр уақытта өзі дұрыс жуа алмауы мүмкін;
    • сұйық және қою тамақты қасықпен өзі жейді;
    • өзінің лас беті-қолына, мұрынына назар аударады, ересектердің көңілін өзіне аудартады немесе өзі қағаз салфеткамен сүртіп, жуынуға талпынады;
    • үстел үстіндегі ретсіздікті реттеуді талап етеді (майлықты төсеуге, нанның қиқымын жинауға және т. б.);
    • ересектердің аз ғана көмегімен киімдерін, іш киімдерін, бәтеңке, бас киімін біртіндеп шешеді және киеді.
  3. Балаларда стресс реакцияларын азайту үшін әр түрлі жұмыс түрлері қолданылады: сүйікті ертегі кейіпкерлерін кітаптан қарау және әңгімелеу, құммен ойындар, қимылды және баяу қимылды ойындар, театрландырылған ойынның барлық түрлері және т. б.
  4. Педагогтар ата-аналармен қарым-қатынас жасауда баланың отбасында жалпы қабылданған рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесіне бағдарланады.
  5. Педагогтар мен басқа да мамандар ата-аналармен қарым-қатынаста баланың да, оның ата-аналарының да жеке ерекшеліктері мен сұраныстарын ескереді.
  6. Мектепке дейінгі ұйымда педагогтар мен мамандардың балалармен, ата-аналармен жеке қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай жасайтын дамытушы орта құрылады.
  7. Мектепке дейінгі ұжымның ата-аналармен ынтымақтастығының принциптері: ізгілендіру, дараландыру, ашықтық, үздіксіздік, өмірмен байланыс, психологиялық жайлылық.
  8. Ерте жастағы балалардың МДҰ-ға бейімделуінің тиімді процесіне мынадай педагогикалық жағдайлар ықпал етеді:
    • ойын технологияларын қолдану;
    • ерте жастағы балаларды белсенді әдістермен бейімдеу мәселесі бойынша ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру.
  9. Бағдарламаның мақсатын іске асыру үшін мынадай жұмыс түрлері ұсынылады:

 

 

  • мәліметтер қорын құру: баланың отбасын зерделеу, ата-аналардың білім алуға деген қажеттіліктерін анықтау, балаға тәрбиелік ықпал етуді келісу үшін отбасы мүшелерімен байланыс орнату;
  • консультациялық пункттер ұйымдастыру, әртүрлі бағыттар бойынша ата-аналар арасында сауалнамалар жүргізу, тренингтер, көрнекіліктермен насихаттау (буклеттер, жаднамалар рәсімдеу және т. б.), жалпы ата-аналар жиналысы, консультациялар, ашық есік күндерін ұйымдастыру және т. б.

23.МДҰ мен отбасы ынтымақтастығының тиімді әрекеттері келесі педагогикалық жағдайлармен анықталады:

  • әр отбасының өз дәстүрлері болуы және олар дамытылуы тиіс;
  • балалар отбасының  барлық  мүшелеріне қажетті, бірақ      өзінің шамасы жететін жұмысты орындауы тиіс;
  • отбасында ережелер мен нормалар жүйесі болуы тиіс: мінез-құлық, қарым-қатынас, әр отбасы мүшесінің әрекеті;
  • отбасы баланың  жетістіктеріне  үнемі  қызығушылық  танытып, оның қарым-қатынас жасайтын ортасын, достарын білуі тиіс;
  • отбасында үнемі ұлттық мәдениеттің бастауларына жүгіну керек.
  1. Ерте жастағы балалардың бейімделуі келесі компоненттер бойынша анықталады: эмоционалдық, мінез-құлықтық және физиологиялық.

Осы компоненттер бойынша бейімделу деңгейлері анықталады:

  • жеңіл: бала балабақшаға жақсы көңіл-күймен келеді, оның мектепке дейінгі ұйымға барумен байланысты қорқынышы жоқ, құрдастарымен және педагогпен өзара қарым-қатынас жасайды, бала топта өзін-өзі ұстау ережесін сақтайды, баланың тәбеті мен ұйқысы жақсы, жиі ауырмайды, күні бойы жағдайы жақсы;
  • орта: баланың көңіл-күйі ауытқиды, ол кейде таңғы қабылдау кезінде немесе күндіз мазасыздануы мүмкін, кейде оның бойында анасы оған келмейді деген қорқыныш болады, бала өзінің көңіл-күйі бойынша педагогпен және құрдастарымен өзара әрекетке түседі және қарым-қатынас жасайды, тұйықталуы, сөйлеспеуі мүмкін, өзін-өзі ұстау ережесін да өз көңіл-күйі мен қалауы бойынша сақтайды, баланың тәбеті өзгеріп отырады, көңіл-күйі болмаса, тамақ ішпей қояды, ұйықтауы да қиындайды, жиі ауырады;
  • қиын: бала балабақшаға қиын барады, барлық уақытта көңіл-күйі нашар болады, жылайды, анасы оған келмейді деп қорқады, бала құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасамайды, педагогпен байланысқа түсуі күрделенеді, өзі жалғыз жүреді, топта өзін-өзі ұстау ережесін сақтамайды, бала балабақшада тамақтан бас тартады, мектепке дейінгі ұйымда ұйықтамайды немесе көп қиындықпен ұйықтайды, жиі және ұзақ уақыт ауырады.
  1. Бағдарламаны оң жүзеге асыру көрсеткіштері:
  • бейімделу кезеңінің сәтті аяқталуы;
  • психологиялық жайлылық атмосферасын құру;
  • балаларда құрдастарымен,  педагогтармен,  ата-аналармен  қарым- қатынас дағдыларын дамыту;

 

 

  • ойын дағдыларын дамыту;
  • педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру;
  • ата-аналардың ерте жастағы балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу, дамыту және табысты әлеуметтендіру мәселелері бойынша білімді меңгеруі..

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (24.11. 2015 ж. өзгерістер мен толықтырулармен.)
  2. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
  3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31қазандағы № 604 бұйрығы)
  4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 Заңы.

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы»

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы)
  2. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы)
  3. Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы)
  4. Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы)